1-сынып оушылары тек қазақ тілінде білім алады

Оқу-ағарту министрлігі 1-сынып оқушылары тек ана тілінде білім алатынын мәлімдеді. Бұл жаңалықты депутаттар да құптап отыр, деп хабарлайды  halyq-uni.kz сайты.
«Миы әлі қалыптаспаған кішкентай ғана 6-7 жастағы баладан бірден ана тілінен бөлек, орыс, ағылшын тілін оқыту бірде-бір мемлекетте жоқ. Мен әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің білім жүйесін қарап көрдім. Соның ішінде екі тілді 1-сыныптан оқытатын екі-ақ ел бар екен. 2-сыныптан оқытатын 4 мемлекет бар», – дейді сенатор Мұрат Бахтиярұлы.
Оның айтуынша, осы мәселені Сенаттың 17 депутаты көтеріп, депутаттық сауал ретінде премьер-министрге жіберген. Үкімет ол ұсынысты биік мінберде екінші мәрте айтылғанда бір-ақ қолдапты.
Ой-санасы әлі толық қалыптаспаған балаға үш тілді қатар үйрену қиынға соғатынын тілтанушы ғалымдар да бұрыннан айтып келеді. Сондықтан әріппен енді танысқан жеткіншекке бірден қос шет тілін оқытудың қажеті жоқ.
«Ана тілінің сөйлеу әрекетін 1-2 сыныптың соңында меңгеріп бітеді. Сол кезде бала ана тілінің төл сөйлеу әрекетін біледі. Өз жасының деңгейінде меңгереді деп айта аламыз. Осылайша шет тілін 3-сыныптан бастап енгізген дұрыс», – дейді тілтанушы ғалым Таңат Аяпова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓