“7-20-25”: серіктес банктер
"7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері анықталды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз-конференциясы барысында айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тізімде 7 банк бар: Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Bank RBK, Қазақстанның Ұлттық банкі, Цеснабанк, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Сондай-ақ, 2018 жылдың соңына дейін Сбербанк пен ForteBank банктерінің қосылуға дайын екенін айтылады.
Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасына Қазақстандағы барлық категориядағы адамдар қатыса алады: мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, мүгедектер және көп балалы отбасылар.