Ахаң тойына әзірлік пысықталды

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына дайындық бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында облыстық басқармалардың басшылары, Жангелдин ауданының әкімі, мердігер ұйымдардың өкілдері жоспарланған іс-шаралардың дайындық барысы туралы тыңдалды.Бүгінгі таңда Ақкөл ауылында медициналық пункт құрылысы жалғасуда, мұражайды ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Сондай-ақ А.Байтұрсынұлы ауылына дейін жалпы ұзындығы 107,6 км аудандық маңызы бар «Шұбалан-Қарасу» автомобиль жолына жөндеу жүргізілуде, оның 11,4 км қиыршық тас-шағылтас жабыны, 96,2 км  – топырақ жабыны.
"Сонымен қатар, облыстың оңтүстік өңірлеріне, оның ішінде Арқалық қаласына, Амангелді және Жангелдин аудандарына инвестициялар тарту мақсатында біз «Қостанай облысының оңтүстік өңірлерінің инвестициялық картасы» интернет-порталын әзірлеуге кірістік. Интерактивті картада әр аймақ бойынша кеңейтілген ақпарат ұсынылады. 
Бұл ақпарат әлеуетті инвесторға әлеуметтік-экономикалық сипаттамамен, инфрақұрылыммен және әр ауданның экономикасын дамытудың басым салаларымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін облыстың оңтүстік өңірлерінің 16 ауылы бойынша мобильді интернет 3G/4G стандартына дейін жақсартылады", – деп жазады аймақ басшысы инста-парақшасында.Сонымен қатар, ғылыми – мәдени және спорттық іс-шараларға дайындық жүріп жатыр. Сондай – ақ, Торғай өңірінің тумасы – белсенді жастар өкілдерінің қатысуымен «Жан жүрегім – Торғайым» атты жастар форумын өткізу жоспарлануда.
Кеңес соңында А.Мұхамбетов облыстық басқармалардың басшыларына, Жангелдин ауданының әкіміне барлық жоспарланған жобалар мен іс-шараларды сапалы және мерзімінде орындауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓