Мораторий мерзімі ұзарады
Елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған 3 жылдық мараторий уақыты созылуы мүмкін. Жоба күшіне енсе кәсіпкерлер жөнсіз тексерулерді тыйған мүмкіндіктің дәмін тағы біраз уақыт татады, деп хабарлайды Экспресс К.
Жоба "Ашық НҚА" электронды порталында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізуге мораторий енгізу" туралы қаулының уақытын созу жобасын қоғамдық талқылауға салу 11 тамызға дейін жалғасады.
Егер қаулы күшіне енсе шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік органдардың бастамасы бойынша жүргізілетін бақылау мен қадағалауды 2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтату көзделген.