Бензин бағасы өсті
Қостанайда АИ-95 маркалы бензиннің бағасы 155 теңгеге дейін қымбаттады.
Қаладағы көптеген жанармай бекеттерінде 30 қыркүйек күні кешке қарай баға көтеріле бастаған. Жүргізуші Розаима Канның айтуынша, ол күндегі әдетпен жанармай құю үшін бекетке 19.00-де келгенде бағаларды көріп таңғалған.
«Жұма күні 152 теңгеден құйған едім, ал кеше бірден 155 теңге. Баға өсіп жатыр… Мұның себебі неде екенін түсінсем бұйырмасын», – дейді ол.
Еске сала кетсек, АИ-92 маркалы бензиннің бағасы қыркүйекте қымбаттай түскен