40 келі есірткі тәркіленді
Қостанай облысында полицейлер есірткі заттарын жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл мәліметті облыстық ПД бастығы Ерлан Омарбеков "Фейсбуктегі" парақшасында жариялады.
30 шілдеде "Қарасора 2022" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 45 жастағы ер адам, Тобыл қаласының тұрғыны ұсталды, оның автокөлігін тексеру кезінде 40 келіден астам есірткі заты – марихуана мен гашиш тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 297-бабының 3-бөлігіне (Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еркебұлан Әлім