Диқанға керек дүние
Қостанайда «Агро-Костанай-2017» дәстүрлі ауылшаруашылық көрмесі өтті. Егін орағының алдында мұндай ауқымды көрменің ұйымдастырылуы өте дұрыс дейді шаруалар. Көрме осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Оған жергілікті кәсіпкерлермен қатар Көкшетау, Қарағанды, Астана, Алматы қалаларымен қатар Ресей Федерациясынан да бірқатар өкілдер келді. Қонақтар да өздері шығарған тауарларын әкеп көрсетті.
Ел кәсіпкерлері мен көрші мемлекеттен келген меймандар қарапайым шаруаларға өз ұнімдерін ұсынды. Олардың арасында бидай тұқымдары, минералды тыңайтқыштардан бастап түрлі техникалар бар.
-Көрмеге ауылшаруашылық тауарларын өндірумен айналысатын 200-ден астам кәсіпкерлер жиналды. Өйткені, мұндай көрмелер егін орағының алдында өте керек. Диқандар, мал шаруашылығының мамандары бұдан өздеріне қажетті жабдықтарды, техникаларды, басқа да қат дүниелерді арзан бағаға сатып ала алады. Біздің есебімізше, облыста 25 мыңдай трактор, 270 мың астық жинайтын комбайн, 8250 кең ауқымды дестелегіш бар екен. Дегенмен, машина-трактор паркіне жыл сайын жаңалап отыру жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, өнімнің сапасына да аса септігін тигізеді, -дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшының орынбасары Орал Нұрғазин.
Көрмеге келген меймандар – кәсіпкерлердің дені өзіәмізде шығарылатын комбайндармен қатар ресейлік техникаларды да жиі төңіректеп жүргенін көрдік. Өйткені, мұнда қойылған техникалар бағасы жағынан анағұрлы төмен әрі жұмысты екі екі-ұш есе сапалы орындайтын көрінеді.
-Әркім өзіне қажетті заттар сатып алады ғой. Мұнда астық тазартқыш жабдықтар да бар екен. Біз сияқты шаруаларға бұл өте қажет дүние әрі бағасы да қолжетімді. Сондықтан, осындай көрмелер жиі ұйымдастылылса, одан ешкім де ұтылмасы хақ. Екіншіден, біздің елдің кәсіпкерлері мен көрші елден келген шаруалар тәжірбие алмасады. Бірінің білгенін біріне үйретеді. Осы жағынан келгенде көрме дер кезінде ұйымдастырылып отырған шара деп есептеймін өз басым, – дейді Меңдіқара ауданындағы «Азат и Д» ЖШС директоры, байырғы диқан Марат Ахметов.
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.