Қантты қайдан алуға болады?

Кешеден бері Қостанай қаласының дүкен сөрелеріне Тұрақтандыру қорынан қант көп көлемде жеткізіле бастады. Бұл жөнінде қала әкімідігіне қарасты Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі хабар таратуда. Тұрақтандыру қорынан күнделікті жіберілетін көлем 5 тоннаны құрайды. Халыққа қант сауда желілерінде 480 теңге/кг сатылуда.

Қаланың ірі супермаркеттерінде қант лимитпен сатылады (сағат бойынша сату, 1 қолға 1 кг артық емес).

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алушылар "Астықжан", "Солнечный", "Rauzet", "Норма", "Азия", "Меркурий", «City» және "Особа"супермаркеттері желісінен сатып ала алады. Сонымен қатар, өнімдер "Ахчин Г", "15", "Эра", "Театральный" және басқа дүкендерде сатылады.

"Бөлшек сауда желілері көтерме сауда компанияларымен тікелей келісімшарт жасайды. Облыстағы ірі негізгі қант жеткізушілер – "КоstExport"ЖШС, "Бас торговля 21" ЖШС, "Лисван"ЖШС. Айта кету керек, жалпы сауда сөрелерінде өнім тапшылығы жоқ, дейді мекеме өкілдері.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓