Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметі және стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы онлайн форматта брифинг өтті. Оған Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы әлеуметтік мекемелердің қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы Майдашаш Жұмағали, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мекебаева мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Әсия Дощанова қатысты.
0d62dba8-f9ec-4aab-8f81-d8e63b17c8154adf4d48-2b76-4c29-885a-b5b0aa7856d4
Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әлия Мекебаеваның айтуынша, бүгінде облыста арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық үлгідегі 11 медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 оңалту орталығы, 5 күндізгі болу бөлімшесі, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 18 бөлімше мен өмірдің қиын жағдайындағы адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған 3 орталық, 2 аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және 15 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында осы ұйымдар мен мекемелердің қызметімен 7870 адам қамтылған.
– Бүгінгі күні қызметтер 1883 адамды қамтитын 11 интернат үйінде көрсетіледі. Мүгедектерге арналған екі оңалту орталығы 1 және 2 топтағы мүгедектерге сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсетеді. Жыл сайын ол жерде 1,7 мыңнан астам адам қызмет алады. Алайда, қазіргі таңда пандемияға байланысты оңалту орталықтары провизорлық стационарлар ретінде денсаулық сақтау саласына берілуіне байланысты, облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін осы орталықтардың қызметі уақытша тоқтатылды. Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған 3 әлеуметтік бейімдеу орталығында және 3 түнгі болу бөлімшесінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 2130 адамға қызмет көрсетілді. Үйде қызмет көрсетуге мұқтаж адамдардың көбіне – 3 мыңнан астам адам жыл сайын екі аумақтық орталық және 18 әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің баламалы нысандарының бірі – 267 қызмет алушыны қамтып отыр. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде қаржыландыру көлемі 989,5 млн теңге сомасында қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 62 %-ға артық. Сондай-ақ, Арқалық, Лисаков, Рудный қалалары мен Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері базасында психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектерге арналған күндізгі болу бөлімшелерінде қаржыландыру көлемі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 163,1 млн теңге сомасында қарастырылды, – деді Әлия Мекебаева.
Сонымен қатар 13 медициналық-әлеуметтік мекеменің 11-і  орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіліп, 2 мекеме қатты отынмен жылытылатын болады. Қазіргі таңда бұл мекемелер  қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілген.
0ed68177-22d0-49dc-be34-5fb009f40032
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Әсия Дощанованың сөзінше, елімізде 931 ұйым арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Оның ішінде 165-і мемлекеттік ауруханалар. Ал Қостанай облысы бойынша стационар жағдайында АӘҚ көрсететін 11 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Департамент осы мекемелермен жүйелі түрде профилактикалық бақылау жүргізеді.
 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓