Депозит мөлшерлемесі артты

Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9 пайыздан 9,25 пайызға дейін көтерілгенін жариялады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына сілтеме жасап. депозит ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5 пайыздан 9,8 пайызға дейін арттырады. Өзгерістер 10 қыркүйекте күшіне енді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.
Ұлттық Банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады. 6a36da4dc6e9502d45baf5d9056fce21Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені базалық мөлшерлеменің қозғалысына байланысты емес. Осы салымдар бойынша шекті мөлшерлеменің келесі өзгерісі қыркүйек-қазан айларында болады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓