Алғашқы балалар кітабы

Облыс орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайда  "Балаларға арналған тұңғыш кітап беттерінен" – деген тақырыпта Қырғыз хрестоматиясының 135 жылдығына арналған арт-көрме болды.
Арт-көрмеге негізінен Ұлы ұстаздың шығармашылығы бойынша  орындаған Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің, Қостанай қаласындағы сурет мектебі оқушыларының суреттері қойылды. Өнерлі суретшілердің Ы.Алтынсариннің әңгімелері мәселен, "Асан мен Үсен", "Бір шөкім мақта", "Таза  бұлақ"  бойынша  салған суреттері, қызықты әрі тартымды. Көрменің ашылуында Қостанай қалалық  мәслихатының  депутаты А. Оралбаева сөз сөйлеп, Ыбырай атамыздың балаларға арналған әңгімелері өткен ғасырларда жазылғанымен  оның мазмұны, айтар ойы бүгінгі күнде өзінің мәнісін, маңызын жоғалтпағанын айтып өтті.
– Ы. Алтынсариннің аңсаған арманы орындалып,  балаларды білім-ілім алуға үндеп, бірінші болып 1864 жылы мектеп салды. Жас ұрпақ ел-жұрттан қалмай өнегелі, тәрбиелі, білімді болса деп балаларға арнап кітап жазды. 1879 жылы Ы. Алтынсарин-нің балаларға арналған әңгімелері Қырғыз хрестоматиясы  екі мың тиражбен жарық көрді, – деді бізге  мұражайдың ғылыми-ағарту бөлімінің меңгерушісі Балдырған Айғужин. 
Ал, арт-көрмеге қойылған жұ-мыстарға  сараптама жасаған қа-зылар алқасының мүшесі ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ю.Новоселовтың айтуынша,  студент-оқушылардың салған суреттері өзінше бір әлем. Шығарманың  мазмұнын жете түсіне, суреттерді тамаша салып, өздерінің ойларын жеткізе  білген.  Және де көрме аясында Ы.Алтынсаринннің  "Әке мен бала" әңгімесі бойынша шағын көрініс болды.   Ең үздік деп танылған жұмыс авторлары да  аталды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓