Сіз кітап оқисыз ба?
Нұралы Садуақасов,
Қостанай облысының әкімі:
"Классикалық әдебиетті бағалаймын"
– Қызметіме қатысты жұмыс ерекшелігі мен мәселелердің ауқымы әдеби талғамға да әсер етеді. Көбінесе әлеуметтік-экономикалық, саяси бағыттағы кітаптарды және басылымдарды таңдаймын. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта кітап оқуға уақыт аз қалады. Бірақ тәжірибесі бар оқырман ретінде классикалық әде-биетті бағалаймын. Детективтерді ұнатамын. Александр Дюманың шығармашылығын жақсы көремін.
– Сіздің балаларыңыз бен немерелеріңіздің қандай кітап оқығанын қалайсыз?
– Осы мәселеге мен консервативті тұрғыда қараймын. Бұл жерде қыспаққа алудың қажеті жоқ деп санаймын. Балаларымызды әдебиетті түсінуге үйретуіміз маңыздырақ болар. Жаңа кітаптардың арасынан жақсы, сапалы әдебиетті таңдауға үйретуіміз керек. Әрине, әдеби тал-ғамды, ең алдымен, классика баулиды.
Азамат Сейіткерей,
"Әйгерім-ай" және №14 балабақшаның дене тәрбиесі бойынша нұсқаушысы:
"Жастарды кітап оқымайды дегенге сенбеймін…"
– Жастарды кітап оқудан қалды дегенге өз басым сенбеймін. Құрдастарым мен достарымның арасында біздер кітап оқуды дәстүрге айналдырып келеміз. Тіпті, оқып қана қоймай, оны талқылап, өз тарапымыздан сын-пікір айтамыз. Кейіпкердің бүкіл болмысын суреттеудегі автордың кем-кетігін, артықшылығын баяндаймыз. Бір-бірімізбен кітап алмасып тұрамыз. Жақында елімізге ғана емес, шетелге танымал жазушы Төлен Әбдіктің "Ақиқат", "Әке", "Оң қол", "Парасат майданы" шығармаларын оқыдым. Жазушының әрбір кейіп-керінің қазір арамызда кезігіп қалатынын, оған автордың өз алдына қойған позициялық бағытын ерекше атар едім. Қазір жастар осындай шығармалар оқып, өзінің ішкі жан дүниесіне терең үңілгені абзал дер едім.
– "Оқитын өлке" акциясы туралы не айтар едіңіз?
– Бұл игі бастаманың көтерілгені кеше ғана. Бірақ уақыт өте келе мұның да берер пайдасы барына сенімім кәміл. Кітап – жанның байлығы, ақылдың кені ғой. Осыны бүгінгі замандастарым, мен құралпы жастар түсініп, барлығы бір ауыздан қолдап, "жұмыла көтерген жүк жеңіл" деп іске кіріссе, қоғамда руханиятқа деген іңкәрлік артар еді.