Келісімге келді

   «Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі» КММ мен «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалы арасында ынтымақтастық келісім шартқа қол қойылды.

   Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінің директоры Марғұлан Оспанов пен «Халықаралық «ҚАЗАҚ ТІЛІ» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай мемлекеттік тілді дамыту бойынша пайдалы принциптерді негізге ала отырып келісімге келді.

   Меморандум аясында тараптар мемлекеттік қызмет саласында қазақ тілінің мәртесебін орнықтыру мен дамыту бойынша өзара ынтымақтастықта қызмет ету жөнінде уағдаласты.

   Келісімде қазақ тілінің ортасын кеңейтуге бағытталған бірлескен ауқымды жобалар атқару, мемлекеттік тілді насихаттауға, түрлі іс-шараларды, форумдарды, жиындар мен науқандарды, конференцияларды өткізуге өзара жәрдемдесу қаралған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓