Астанада “Сахнагер” сыйлығы табысталды

Астанада «Сахнагер-2017» Ұлттық театр сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді.  Осы оқиғаға байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Асанәлі Әшімов, кино және театр әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының директоры Любовь Ни, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл, «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Маемиров  аталған сыйлықпен марапаттау рәсімі туралы әңгімелеп берді.IMG_2882
Бұл сыйлық алғаш рет тапсырылады. Салтанатты жиын «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстанның театр қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен өтеді.
          Брифингте халық әртісі Асанәлі Әшімов «Сахнагер» сыйлығының мәні мен маңызына кеңірек тоқталып өтті.
          –Бүгінде  қазақ  театрларының  даму   ауқымын кеңейту, әлемдік театр құрылымдарымен байланыстарды нығайту, жер-жүзінің театр картасында өз орнымызды айқындап, үнімізді  лайықты  естіртуге  атсалысу  өнерге жанашыр әрқайсымызға  міндет. Осыған байланысты Қазақстан  Театрлары  ассоциациясының бастамасымен «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы тағайындалып отыр. Бұл сыйлық театр дәстүрін сақтау мен нығайтуға арналған. Марапаттау рәсімі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен өтеді, – деді ол.IMG_2877
Одан кейін халық әртісі Қазақстан театрлары ассоциациясының мақсаты туралы айтып берді.
          –Қазақстан театрлары  ассоциациясы  2016 жылы құрылған. Ол менің азаматтық  бастамам болатын.  Қазіргі кезде  қауымдастыққа республикалық театрлардың барлығы және көптеген облыстық театрлар мүше болып отыр.
Ассоциация алғашқы шараларын өткізіп те үлгерді. Бүгінде жасы 100-ден асқан қадірлі сахнагеріміз, Қазақстанның халық әртісі  Айша Абдуллинаның 100 жылдығын  атап өттік. Аяулы Айша анамыздың өзі өнер жолын бастаған қара шаңырақ М.Әуезов театрының үлкен  сахнасында отырып – жас ұрпаққа ұлағатты сөзін айтуының өзі қандай ғанибет! Ал, өнеріміздің бекзат тұлғасы, КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай өткізілген еске алу кешінің де тағлымы зор. Мұндай ұлағатты шаралар Ассоциацияның  алдағы жұмыстарының   жоспарлы шаралары болары анық.
Біздің қауымдастық мемлекеттік театрлардың  имиджін қалыптастыруға, театр  қызметінің парасаттық әлеуеті мен мүмкіндіктерін  әлемдік дәрежеге  көтеру, театрлар арасындағы шығармашылық ізденіс мониторингін қалыптастыру, жаңа есімдерді анықтау, жастардың  аға толқын өкілдерінен  тәжірибе алу, кәсіби бағдарларын  айқындау мүмкіндіктерін бірізділеу, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларларына қолдау көрсету, марапаттарға ұсыну, театр қайраткерлерінің еске алу кештері мен мерейтойларын ұмыт қалдырмау, халықаралық фестивальдер, әлемдік мастер-класстар мен конференциялар ұйымдастыру  секілді жалпы қазақ театр өнерінің халықаралық деңгейдегі   мүддесіне қызмет ететін, бүгінгі  қазақ  театр өнеріндегі өзекті  негізгі бағыттарды жүзеге асыратын бірегей бірлестік! Біз осы бағыттағы жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз, – деді ол.
Кездесуде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова Қазақстан  Театрлары  ассоциациясының президенті болып Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтар лауреаты, Ресей Федерациясының «М. Ломоносов» орденінің кавалері, «Отан», «Достық» ордендерінің кавалері Асанәлі Әшімов тағайындалғаны барлық өнер сүйер қауымға мақтаныш екенін, биыл қауымдастықтың «Сахнагер-2017» сыйлығын тағайындағаны болашағынан үміт күттіретін жастар үшін қызығы мен қиындығы көп өнер жолында өзін көрсетуге үлкен мүмкіндік болатынын атап өтті.IMG_2871
– «Сахнагер-2017» ұлттық театр сыйлығы театр өнері саласындағы шығармашылық жетістіктер үшін беріледі. Театр қауымдастығының пікірі бойынша, сыйлық қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті нығайтуға бағытталып, еңбекке, кәсіби жетістікке, Отанға қызмет етуге, жоғарғы патриоттық идеяларға оң көзқарас қалыптастыратын туындылардың дүниеге келуіне ықпал ету тиіс, – деді М.Өтекешова. 
Сондай-ақ ол, «Сахнагер» сыйлығы еліміздің мәдени кеңістігін біріктіріп қана қоймай, шығармашылық тәжірибемен тұрақты алмасу үшін жағдай жасайтынын, ұлттық сыйлық аясында жас дарынды әртістерді қолдауға ерекше назар аударылатынын айтты.   
–«Сахнагер» сыйлығы «Жылдың үздік режиссері», «Жылдың үздік қоюшы-суретшісі», «Жылдың костюм бойынша үздік суретшісі», «Жылдың жарық бойынша үздік суретшісі», «Үздік әйел рөлі», «Үздік ер рөлі», «Жылдың үздік спектаклі», «Жылдың үздік балаларға арналған спектаклі», «Жылдың үздік драматургы», «Жылдың үздік гримері», «Жылдың үздік театр сыншысы», «Спектакльдің үздік музыкалық рәсімделуі», «Театр өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жыл ашуы», «Үздік опера және балет партиясы» номинациясында  үздіктерге тапсырылады. Биыл іріктеу турына Қазақстанның 52 театр ұжымы қатысты, – деді ол.
Брифингте өнертанушылар Ерлан Біләл мен Асхат Маемиров «Сахнагер» сыйлығының алғаш рет берілетінін, оны тапсыру үшін Бішкектен Қазақстанның халық әртісі  Айша Абдуллинаның арнайы келетінін айтты.IMG_2872
 
IMG_2883–Қазіргі кезде драма театры кенже қалып барады. Сондықтан біз сыйлықтың ауқымын кеңейтіп, оған барлық театрларды қостық. Бұл сыйлық таетрлар мен әртістердің және соның айналасында жүрген барлық мамандардың мәртебесін көтеретініне сенім мол, – деді Асхат Маемиров.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓