Жаңылсын ОМАРОВА, Әулиекөл аудандық ішкі саясат басқармасының басшысы: “Ауылдардың тыныс-тіршілігі кеңірек қамтылса…”

IMG_0597– Бұқарамен, әсіресе газет оқырман-дарымен жақын байланыс орнатудың бірден бір жолы ретінде таңдалынып алынған "Қостанай таңы" күндерін өткізу бұл жолы Әулиекөл ауданында жалғасын тапқалы отыр. Бұл газеттің осы аудандағы оқырман-дары үшін үлкен ғанибет болмақ. Жалпы, "Қостанай таңы" газеті – өңіріміздегі  өзіндік өрелі  тарихы бар, бағыт-бағдары айқындал-ған, қалың оқырманы қалыптасқан беделді басылым. Тоқсан жылдық тарихы бар газет-тің осынау жылдар ішінде қызығы мен қиын-дығы мол үлкен жолдан өткендігі айтпаса да белгілі. Өз басым газет ұжымын қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, олардың әлеуметтік мәселелерін көтеріп жүр деп ауыз толтырып айта аламын. Аудандар көлеміндегі игі істер мен мәселелер де қамтылып отырады. Дегенмен, біздікі алдағы уақытта газет бетінен ауыл-аймақтардың тыныс-тіршілігі мен ондағы атқарылып жатқан игі істер мен келелі проблемаларды қаузаған мақалалар көптеп жарыққа шықса деген тілек.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓