Жаңа амбулатория – ел игілігі үшін
"100 мектеп, 100 ау-рухана" бағдарлама-сының игілігін бүгінде әулиекөлдіктер де кө-ріп отыр. Аудан бо-йынша былтыр дәрі-герлік амбулатория Диев ауылында бой кө-терсе, биыл Новоне-жин ауылында пайда-лануға беріліп, бүгін-де халыққа қызметін көрсетуде. Енді басы ауырып, балтыры сыз-даған новонежиндік-тер заманауи үлгіде жабдықталған әрі көркі көз тартатын амбулаторияда ем алатын болады. Денсаулық сақтау нысанының отбасылық дәрігері Наталья Попованың айтуынша, бұрынғы балабақша ғимаратын-да орналасқан амбулатория өте тар әрі ескі болғандықтан маман-дарға да, тұрғындарға да ыңғай-сыздық тудырып келген көрінеді.
– Кейін оның төбесі құлап қал-ған соң, біз осы ауылдан бір пә-терді сатып алып, ауыл тұрғын-дарын сонда қабылдадық. Одан кейін осындағы жомарт жан-дардың көмегімен екі басты үйге қол жеткізіп, соны ауылдық амбу-латория қылып алдық. Енді, міне, бұрын-соңды болмаған жаңа типтегі медициналық нысан са-лынып, қуанып жатырмыз. Жал-пы, ауылдық жерлерде мұндай дәрігерлік-амбулатория-лардың салынуы әрине ол ең алдымен халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуге септігін тигізеді, – дейді Наталья Попова.
Заманауи үлгідегі ме-дициналық құрылғылар-мен жабдықталған жаңа ғимаратта екпе егу, тіс дәрігері, денсаулық мек-тебі, дені сау бала, аку-шерлік кабинеттер жұ-мыс істейді. Бұған қоса, отбасы дәрігері мен пе-диатрдің жеке қабылдау бөлмелері де бар. Сондай-ақ, төрт орындық күндізгі стационар да жұмыс істеп тұр. Жалпы, үш мыңнан астам халыққа медициналық қызмет көрсетіп отырған амбулаторияға тек Новонежин селолық округінің ғана емес, соған қарасты Лаврентьев, Калинин және 1 Май ауылдарының тұрғындары да қаралады.