Жас отбасы үйсіз қалды
Оқыс оқиға 17 қыркүйекте Қостанай қаласының Узкая колея шағын ауданында болған, – деп хабарлайды alau.kz.Немолчаевтер отбасы туыстарынан қонақтан келе жатып, үйлерінің маңайынан өрт сөндірушілерді көрген. Тілсіз жау баспананы тып-типыл етіпті. Қайта қалпына келтіруге мүлде жарамайды. Мамандар өрттің электр желісінің қысқа тұйықталуынан пайда болғанын айтады.
"Біз қазір бір жасар баламызбен туыстарымызды паналап отырмыз, бірақ енді пәтер жалдауымызға тура келеді. Баламызға киім-кешектей көмектескен қайырымды жандарға рахмет айтамыз. Ал күйеуіміз екеумізде қыстық киім атымен жоқ, бәрін өрт жалмады. Не үй, не киім, не азық-түлік қалмады. Қайырымды жандардан бізге көмек қолын созуды өтінеміз", – дейді шарасыз Виктория Немолчаева.