Шекарадағы екі пункт ашылды

Қостанай облысының Ресеймен шекаралас аймағындағы өткізу пункттері ашылды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы №449 қаулысының негізінде 2022 жылғы 12 шілдесінің 00 сағат 00 минуттан бастап «Ақбалшық», «Қондыбай» автомобиль өткізу пункттері ашылып, тұлғалар, көлік құралдар, жүк пен тауарлардың өткізілуі басталды",  – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, аталған бекеттер пандемия басталған 2020 жылы жабылған еді. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓