Көктемгі су тасқыны: аймақтағы ахуал

Қостанай өңірінде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Төтеншеліктердің бірі өзен арналарын қар-мұздан тазалып, алдын алу жұмыстарын бастап кеткен. Құтқарушылар табиғаттың тосын мінезіне сақайдай-саймыз десе де, қатерлі аймақтардың барын жасырмайды. Бұл туралы бізге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Орынбаев айтып берді.
 -Көктемгі су тасқынына дайындық қалай?
  – Қостанай облысының аумағында тасқын және қарғын су басуы мүмкін 90 елді мекен бар. Биылғы кезеңде су басуы ықтимал алты мекен алынып, 50 елді мекенге төнетін қауіп азайтылды. 34 елді мекенде су басу қаупі алдында тұр. Облыстың автомобиль 329 жолдарында, оның ішінде 40-ы республикалық, 57 облыстық және 232-сі жергілікті жолдарда су басуы мүмкін.
2022 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облысы әкімінің №35 қаулысымен Қостанай облысында 2022 жылға арналған су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, ол алдағы су тасқынына барлық дайындық іс-шараларын қамтиды. 2022 жылғы 16 ақпанда 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәселе бойынша төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.
28 ақпан күні Қостанай облысы әкімінің төрағалығымен қалалар мен аудандардың әкімдерімен кеңейтілген отырыс өтті. Онда алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды. 3-4 наурызда азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын іс-қимылдарға келтіру жөнінде «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығу барысында Дружба кентінде су өткізу құбырлары мен арықтарды тазалау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар пысықталды, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарында қар шығару, аула аумақтарын қардан тазалау, жүзу техникасы мен мотопомпаларды дайындау жүргізілді. Су тасқынынын алдын-алу мақсатында 2022 жылдың 3-ші наурызынан бастап азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі жоғары дайындық режиміне ауыстырылатын болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта су тасқынына қарсы жедел штаб құрылады. Су тасқынының қауіпі артса,  жалпы саны 2649 адам, 1070 бірлік техника, 114 бірлік жүзу құралдары, 272 мотопомпа жұмылдырылады.
Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін жергілікті атқарушы органдар 130 тоннан астам жанар-жағармай, 9 мың тоннадан астам инертті материалдар, 46 мың тонна дайындалды, зардап шеккен халыққа азық-түлік жеткізуге 66 келісім-шарт жасалды.
             Конец формы
Су тасқыны кезеңінде зардап шеккен халықты жинайтын 195 пункт дайын тұр. Олар 11 мыңнан астам адамды қабылдай алады. Тұрғын үйлерді еріген сумен су басуына жол бермеу мақсатында елді мекендерден 571,8 мың текше метр қар шығарылды. Төтенше резервке және шұғыл шығындарға әкімдіктен 629 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда Қостанай облысында жалпы саны 2649 адам, 1070 техника және 114 жүзу құралдары, 272 су айдайтын құралдар бар облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды.
2022 жылдың 14 ақпанынан бастап Қостанай облысының елді мекендерінде тасқынға қарсы алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бойынша айлық өтуде. Елді мекендер бойынша 278 рейд жүргізілді, халықпен кездесулер ұйымдастырылды. 69 елді мекен, 751 аула, үш мыңнан астам адам қамтылды. 15 канал, 900 арық, 577 автомобиль және 21 теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды. Алдын алу шаралары жалғасуда.
   -Биыл біздің өңірде қар мол түсті. Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
  -Елді мекендерден қарды шығару жұмыстары өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Себебі, ақ ұлпаны жинау жұмыстары облыс орталығында және ірі қалалар мен аудандарда жүргізілуде. Қыс мезгілінде барлығы 542 мың текше метр қар шығарылды.Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама көп. Биылғы қыс қарлы болғанын ескере отырып, облыс әкімінің орынбасары әсіресе су басуға бейім жерлерден қар шығару бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарында мамандандырылған 185 жол техникасы дайын тұр.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша қардың орташа қалыңдығы облыс бойынша 28 сантиметрге жетеді. Бұл орташа деңгейден 6 сантиметрге артық. Қардың ең көп мөлшері Жанкелдин, Науырзым, Әулиекөл, Сарыкөл және Қарасу аудандарында және Арқалық қаласына түскен. Қардағы су қоры облыс бойынша орташа нормадан 1,5 есе артық. Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен жиында су тасқынына қарсы іс-шараларды бақылауда ұстауды, қалалық және ауылдық елді мекендердің аулалары мен аумақтарынан, әсіресе су тасқыны қаупі бар елді мекендерден қарды шығару бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл жүктелген тапсырмалар бойынша дайындықты күшейттік.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓