Жүйріктен жүйрік озды
Жеңістің 70 жылдығына орай жеңілатлетикадан «Костанайские новости» газетінің жүлдесіне арналған жарыс болып өтті. Бұл осымен 67-ші ұйымдастырылып отыр. Жарысқа екі мыңнан астам спортшылар, елуден астам командалар бар. Бұлар облыс орталығында жоғарғы оқу орындары, техникумдар мен колледж, мектеп ұжымдары. Желаяқтар жарысының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып, сөз сөйледі.
-Жарысты дәстүрлі түрде өткізу қостанайлықтар үшін үйреншікті әдетке айналған.Бұдан былайғы уақытта да осы бір игі шара жалғаса береді деген сенімдемін,-деп атап өтті аймақ басшысы.
Сонымен абсолюттік сындарда жиырма сегізінші рет Қостанай индустриалдық-педогогикалық колледжінің командасы чемпион атанып, ауыспалы Кубокты жеңіп алды. Екінші орын А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-ға бұйырды. Жүлделі үшінші орында КМПИ желаяқтары еншіледі.
Айбек КӘДІРҰЛЫ