Әуеде қалықтады

IMG_1382Өңірімізде әуеде өнер керсету спорты біртіндеп жақсы қырынан қолға алынуда. Мотопланмен ұшуды төтенше жағдайдың алдын алуға тиімді бағыттап келе жат-қан көршілес Ресей елімен тәжірибе алмасуды жөн санаған мамандарымыз оған табысты қол жеткізді. Облысымызға шекаралас Қорған өңірінен өз ісінің шеберлері келіп, Қостанайдағы "Пилот" аэроклубының мү-шелерімен бірлесе өнер көрсетті. Аспанда еркін қалықтаған әуе шеберлері көрермендеріне қызықты IMG_1374демалыс сыйлады. Түрлі-түсті шарларды аспанға кезегімен алып ұшып, қала үстінде айнала шеру ұйымдастырды.
– Әзірге жерлестеріміздің арасынан екі спортшы өнер көрсетуде. Алдағы уақытта үміткерлердің санын ұлғайтуды көздеп келеміз. Ол үшін бізге тәжірибе қажет. Сондықтан көршілерімізден үйренеріміз көп,– дейді "Пилот" аэроклубының құрылтайшысы Аманкелді Қожахметов.
СУРЕТТЕРДЕ: Аманкелді Қожахметов және ұшуға әзірлік.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓