Чемпиондар лигасы: “Тобыл” тең ойнады

Қостанайдың "Тобыл" футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының алғашқы кезеңінде венгриялық "Ференцварош" командасына қарсы ойнады. Матч Қостанайдағы орталық стадионда өтті.
 
Екі команда алма-кезек шабуылдағанымен, ойында есеп ашылмады.
Бірінші таймның соңында футболшылар келіспей қалып, шатыс шығарғандарға сары қағаз көрсетілді. Жазаланғандар – "Тобылдың" қорғаушысы Бағдат Қайыров пен "Ференцвароштың" шабуылшысы Франк Боли.
Екінші тайм да қызыққа толы болды. "Тобылдың" өткір шабуылдары стадиондағы жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Әйтсе де, гол соғылған жоқ. Бірде Асхат Тағыбергеннің тепкен добы қиыс кетсе, келесі бір сәттерде Рубен Бриджидо қақпаны дәл көздей алмады. Қонақтар да екі қапталдан қыспаққа алып, барын салды. Бірақ олар да ештеңе істей алмады. Бұл ретте қостанайлық қақпашы Александр Мокиннің бірнеше соққыны қайтарғанын айта кеткен жөн.
Жауапты ойын 13 шілдеде Будапештте өтеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓