Теннис ойнап, топ жарды
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында үстел теннисінен қалалық турнир өтті. Спорттық шараға жиырма бес азамат қатысты.
Аталған турнирді «Үміт-Надежда» ҚБ «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырды. Спорттың дәл осы түрінің таңдалуы да бекер емес. Мақсат, өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үстел теннисіне деген қызығушылығын ояту.-Біздің облыста үстел теннисі спорттың кенже дамыған түріне жатады. Қоғамдық бірлестікте теннис үйірмесінің бар екенін екінің бірі біле бермейді. Осы кемшін тұстарды ескере отырып, турнир ұйымдастыруды жөн санадық. Теннистен Қазақстан чемпионатына қатысып жүрген қостанайлық мүмкіндігі шектеулі жандар баршылық. Олардың арасында жеңімпаздары қаншама,-деді «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасы Дүйсенғали Оспанов.
Турнирдің белсенді қатысушыларының бірі – Нүрзия Сақытбаева. Ол теннис ойнауды төрт айдың ішінде үйреніп алыпты. -Бұрын спорттық сайыстарға қатысып көрмедім. Қолымнан келетіні қолөнер бұйымдарын жасау. Теннис ойнауды «Үміт-Надежда» ҚБде жүріп, кәсіби жаттықтырушылардан үйрендім. Маған ұнап қалды. Теннистің өзіндік ережелері бар. Ракетканы дұрыс ұстап, жұмыртқа тәріздес шарды үстел үстінен түсірмей ойнауыңыз керек,-деді спорт сайысының қатысушысы Н.Сақытбаева.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретте: турнирден көрініс;
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.