Жұлдыздың жұлдызы жанды

Жуырда Алматы қаласында тоғызқұмалақтан ҚР кубогы жолындағы жарыс мәреге жетті. Осы сындарға қатысқан қостанайлық  Жұлдыз  Мұхамедқалиева жекелеген есепте Ел кубогын жеңіп алды. Сөйтіп, жас спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Айта кетейік, Жұлдыз – Қостанайдағы №2-ші балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде оқиды. Осыған дейін талай шаршы тақтада топ жарған.
Айбек ЫБЫРАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓