400 шақырым жүріп өтеді

Велошеру 14 шілде күні сағат 10.00-де Қостанайдағы А.Байтұрсынұлы ескерткіші маңынан бастау алады.
Шолақсай ауылында жергілікті кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Мәди Ихтиляповтың қолдауымен ҚӨУ психология кафедрасының оқытушылары 9-10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру және тұлғалық өсу жөнінде тренингтер өткізеді. Сондай-ақ велоқауымдастық мүшелері ауыл тұрғындарымен асық, шахмат ойнайды. Іс-шараның соңы велошеруге қатысушыларды марапаттау және жарыс жеңімпаздары мен тренингке белсенді қатысушыларды марапаттау болады.