Бірлік пен еңбек мерекесі (ФОТО)

Бүгін Қостанайда Астана күнімен қатар түркі тілдес халықтардың Сабантой мерекесі тойланды. Дәстүрге айналған іс-шара осы жылы да "Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы" саябағында өтті.
Думанның салтанатты ашылуында Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай облысы ҚХА хатшысының меңгерушісі Абылай-хан Кәкенов сөз сөйлеп, мерекенің мән-маңызын айтып өтті.
"Сабантой – түркі тілдес халықтардың егіс науқанынан кейінгі басқосу, ауызбіршілік пен еңбекқорлықтың айнасы. Бұл мереке аграрлы өңіріміз үшін өте маңызды. Елімізде бірлікті айғақтайтын атаулы күндер аз емес. Қостанайда жиырма жылдан астам уақыт бойы "Дуслық" татар-башқұрт этномәдени бірлестігі жұмыс істеп келеді. Осы ұйым аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отыр",  – деді А.Кәкенов.
Өңірдегі іс-шараларға белсене қатысып, халықты бірлікке үндеп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Оларға "Дуслық" татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Ринад Бектемиров алғыс хаттарды табыс етті.
Мерекелік бағдарлама аясында көпшілік халық ойындарын тамашалады. Әсіресе, татар халқының белбеу күресін қызықтаушылар көп жиналды. Бұл бәсекеде Тоқтар Жиентаев (ауыр салмақта) пен Мылтықбай Әбдуаитовтың бағы жанды. Жеңімпаздарға бір-бір қойдан берілді.  Сондай-ақ қол күресінен, гір көтеруден турнирлер ұйымдастырылды.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓