Екі жүк көлігі соғысып, жүргізуші қаза тапты
Апат Лисаков қаласындағы Краснооктябрь боксит кені басқармасының Аят кенішінде болды.
Жүкті өздігінен түсіретін екі көліктің соқтығысуы салдарынан жүргізушілердің бірі аса ауыр жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспаөз қызметі растады.
"Екі жүк көлігі соғысқан кезде жүргізушілердің бірі кабинаның металл құрастырылымына қысылып қалған. Ол емдеуге келмейтін жарақат алып, оқиға орнында мерт болған", – дейді басқарма мамандары.
Компания ұжымы да әріптестерінің қаза табуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.
"Барлық ұжым және басшылық әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмның жанұясына жерлеу рәсімдерін өткізуге көмек көрсетілетін болады", – деп жазылды кәсіпорынның Instagram-парақшасында.
Қазір осы дерек бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Оның жасы 29-да болған. Артында 4 баласы қалды.
Оның жасы 29-да болған. Артында 4 баласы қалды.