Оқыс оқиғадан опат болды
Күні кеше "ССКӨБ" АҚ жылу-электр орталығында жарылыс болып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап alau.kz хабарлайды. Оқыс оқиғадан бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдай сағат 15.30-да болған. Қазандықты іске қосу кезінде құбыр жарылған. Бұл кезде орталықта қырық шақты адам жүріпті.