Тариф теңестіріледі

Қостанайда электр энергиясына төлем айырмашылығы теңестіріледі. Бұл жұмыс тарифтерді саралауды алып тастау жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жасалатын болады. Бұл жөнінде ӨКҚ алаңында болған брифингте айтылды.
Мемлекет тұтынушылар топтары арасындағы, яғни, жеке, заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдардағы айырмашылықты қысқартуға ниетті.
«Біз халық үшін өте арзан тариф белгіледік. Ал шағын және орта бизнес жыл сайын 31 млрд теңгені артық төлейді. Мемлекет халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауы керек, олар үшін тариф өзгермейді. Тарифтегі айырмашылық атаулы тұрғын үй көмегі есебінен, мемлекет тарапынан субсидияланатын болады. Пилоттық жоба нарықта тұтынушы үшін күресетін көптеген компаниялардың пайда болуына әкеледі», – дейді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.
Пилоттық жоба аясында Қостанай облысының тұрғындары үшін электр энергиясына ай сайынғы төлем құны тұтынылатын энергия көлеміне қарай орта есеппен 200 теңге көбейеді.
Пилоттық жоба әлеуі үш өңірде – Алматы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жүзеге асырылмақ. Ол бірнеше жылға есептелген және біртіндеп енгізілетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓