Барымташылар қолға түсті

Қостанай полицейлері қылмыстық топты ұстау үшін арнайы операция жүргізді. Олар елу бас жылқы ұрлаған.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, барымташылар кеше, 23 маусымда Алтырсарин ауданында ұсталған. Қылмыскерлер бұл жолы да мал ұрлап бара жатыпты.
«Операция кезінде полиция қызметкерлері 6 күдіктіні Алтынсарин ауданынан 10 жылқы ұрлап бара жатқан жерінде құрықталды. Олар малды екі "Газель" автокөлігіне бөліп тиеп алған. Кейінірек бұл топтың басқа аудандар аумағынан да жалпы саны 40 бастан астам жылқы ұрлағаны анықталды. Олардан үш қару (ойық және тегіс ұңғылы) тәркіленді, – деді  криминалдық полиция басқармасының бастығы Ербол Қайырбеков.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Облыстық ПД мамандары жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығымен байланысты 48 дерек тіркелгенін, оның 27-сі ашылғанын мәлімдеді. Соның нәтижесінде жапа шеккен мал иелеріне жалпы құны 35 млн теңгеге сай келетін 100-ден астам мал басы қайтарылған. Сондай-ақ, полиция негізінен қараусыз, еркін жайылымда жүрген және ен салынбаған мал қылмыскерлердің оңай олжасына айналатынын айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓