Дычко тағы да жеңіске жетті

Иван Дычко аса ауыр салмақта аргентиналық қарсыласын жеңді. Қостанайлық боксшы Иван Дычко Буэнос-Айрестегі бокс кешінде аргентиналық қарсыласын жеңді деп жазады Sports.kz.Иван аргентиналық Кевин Эспиндоламен кездескен. Аса ауыр салмақтағы бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланып, тартысты бәсекеге ұласты. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Дычкоға берді.
Осылайша, Иван Дычко өзінің кәсіби мәнсабында он екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл – қазақстандықтың биыл өткізіп отырған бірінші жекпе-жегі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓