Іргелі істің басында

«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Мұның астарында әйел адамның кез-келген ауқымды істерге араласа алатынын, үлкен нәтижелерге қол жеткізе алатынын аңғартатын мағына жатыр. Өйткені, қоғамның түрлі салаларындағы жетістіктерде әйелдердің үлесі бар екені ақиқат. Кейінгі кездері мемлекеттік қызмет, білім, банк, экономика саласында айтарлықтай жетістікке жетіп, жеке кәсіп түрлерімен айналысып жүрген нәзік жандар жетерлік. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдауға ие болған кәсіпкер әйелдердің, қай салада болмасын жетістікке жеткендері де аз емес. Мәселен, Тобыл өңірдегі депутаттардың 32 пайызы нәзік жандылар, 7 әйел аудан, қала әкімдерінің орынбасары лауазымына тағайындалған. 30 пайызы сот жүйесіне қызмет атқарса, нәзік жандылардың 40 пайыздан астамы бүгін кәсіпкерлік саланы тізгіндеген. Бұл туралы алқалы жиында Қазақстан әйелдер күштері Альянсының Қостанай облысындағы төрайымы Римма Бектұрғанова айтты.
Салтанатты жиында қыз-келіншектер мемлекет берген мүмкіндіктің арқасында жеткен жетістіктерімен бөлісті. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко елдің экономикалық, саяси, қоғамдық дамуына өлшеусіз үлес қосқан ханымдарға алғыс хаттар табыстады. Сол сияқты, табысты арулардың есімдері енген жорналдың кезекті санының тұсауы кесілді.
Басқосуда «Қостанай облысының табысты әйелдері» жорналының кезекті санының салтанатты тұсау кесері өтті. Бұл басылым төртінші жыл қатарынан үзбей жарық көріп келеді. Осы жолғы санда өткен 30 жыл ішінде астықты аймақтың өркендеуіне салмақты үлес қосқан 26 нәзік жанның есімі енген. Олар әртүрлі саланың майталман мамандары. Соның бірі – көп балалы ана Ақтолқын Әбелдинова. Бұрын үй шаруасында болса, қазір кәсіпкер. Басында үйде тамақ пісіріп, оны тапсырыспен жеткізіп келген болса, қазір ірі компаниялармен келісім-шартқа отырған.
– Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Осы күні жетістіктерім үшін алғыс айтқым келеді. Сіздердің орталарыңызға келіп, мен өзімді таптым», – деп сөзін аяқтады алты баланың анасы.
Соңғы жылдары бизнеспен айналысушы қыз-келіншектердің үлесі 50 пайызға көбейіпті. Бұл, әйелдердің жағдайын жақсартуға, оларды саясат, бизнес және қоғамның барлық салаларына тартуға бағытталған. Президент саясатының нәтижесі осы мақсатты көздейді. Үйдің де, түздің де абыройын теңдеп жүрген азаматшалар, тұтас елдің мақтанышына айналған мәртебелі ханымдар өз белсенділігімен әлеуметтік, экономикалық саланың өркендеуіне үлестерін қосуда. Мемлекет басшысының саясатын жүргізуге атсалысып, облыстың қоғамдық-саяси дамуына қосқан жандарға алғыс хат табысталды. Сондай-ақ, аталған жорналдың қазақ тіліндегі материалдарды әзірлеген «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Шұға Қоңқабай осындай құрметке лайық деп танылды. Және де көшбасшы әйелдер және қыздар клубтарының жобасын іске асыруға атсалысқан аналар да марапатсыз қалмады. Елена Тарасенко қостанайлық қыз-келіншектердің қоғамдағы белсенділігін жоғары бағалайтынынын атап өтті.
Гүлназ ТАҢАТҚАН,
ҚӨУ-дің 2 курс студенті.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓