Танымал әртіс Владимир Толоконников Қостанайда ауруханаға түсті
М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры труппасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, РФ мемлекеттік сыйлығының лауреаты Владимир Толоконников Қостанай облыстық ауруханасына жедел түрде жатқызылды.
Оқиға жайлы бүгін Қостанайда гастрольдік сапарда жүрген Лермонтов театрының труппа мүшелерімен өткен баспасөз-конференциясында белгілі болды.
Бүгін әріптестерімен бірге Алматыдан Қостанайға ұшып келген Толоконников өзін жайсыз сезінген. Театр директоры Юрий Якушев әртістің ұшақ салонында өзін нашар сезінгенін хабарлады. Толоконников денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, гастрольге ұшып келген. Якушевтің айтуынша, әртіс бұл сапарға жіберуге дәрігерлерді көндіріп, өз шамасын артық бағалаған секілді. Оның үстіне, алматылық гастрольшілер Қостанайдың ыстық ауа райы оңтүстіктің ыстығынан кем еместігін айтуда.