Кәсіпкер әйелдер байқауы

Жастар сарайында кәсіпкер әйелдерге арналған республикалық «Business Lady Qazaqstan» байқауы өтті.
Байқауға облысымыздың қалалары мен аудандарынан табысты 8 әйел жолдама алып, бақ сынасты. Конкурс «Визит карточкасы», «Эрудиция», «Шығармашылық нөмір» атты үш кезеңнен тұрды.
Байқаудың негізгі мақсаты – белсенді өмір салтын қалыптастырып, еліміздің іскер әйелдер имиджін арттыру.
«Біздің байқау бүкіл ел бойынша өтуде. Қазір Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шымкент, Алматы облыстарының қатысушылары дайындық үстінде.Бүгін жеңіске жеткен қатысушы Нұр-сұлтан қаласында өтететін республикалық сайыста облыс атағын лайықты деңгейде көрсетеді деген сенімдеміз», деді «Business Lady Qazaqstan” жобасының бас ұйымдастырушысы Сәуле Қайсар.
Байқау нәтижесі бойынша Юлия Соловьева жеңімпаз атанып, ал қатысушылар арнайы номинациялармен және сыйлықтармен марапатталды.
Қаракөз МАҚАТОВА,
ҚӨУ-дің 2 курс студенті

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓