Ыстан уланды
Оқиға Әулиекөл ауданында болған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.Новонежин ауылында жеке тұрғын үйде қатты отын жағылатын пешті дұрыс қолданбау салдарынан 41 жастағы келіншек ыстан уланды.
"Пештің желтартары жабық болған. Жапа шегуші ауруханаға жеткізілді. Жағдайы орташа тұрақты дәрежеде. Соңғы рет тұрғын секторда Әулиекөл ауданы ТЖБ қызметкерлері 2019 жылдың 18 қарашасында тексеру шараларын жүргізген", – делінеді хабарламада.