Еліміздің жарқын болашағы үшін

Менің анам, өз уақытында сайлау учаскесінің белсенді қызметкері болғандықтан, дауыс беру үлескесіне бару мен үшін бала кезімнен таңсық емес еді. Әсіресе, пионер кезімде дауыс беру үлескесінде урнаның қасында тұрып, дауыс берушілерді мархабатпен қарсы алу үлкен мәртебе болатын.
Қазір саяси қызметте жүргендіктен, елімізде болып жатырған әрбір маңызды іс-шараға атсала қатысу – менің азаматтық парызым, сол себепті осы референдумға қатысып, Отан алдындағы патриоттық борышымды өтеуге әзірмін. Саяси қызметкер ретінде еліміздің, халқымыздың жарқын болашағы үшін жасалып жатырған әрбір іс-шараға жеке өзімнің және отбасымның атынан әрдайым қолдау көрсетіп отырамын.
 Несібелі БӘСЕНОВА,
  ҚР Құрметті заңгері,
 «Отбасы help» фронт-кеңсесінің басшысы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓