Референдум – болашаққа бағдар!

Еліміз бүгінде терең саяси өзгеріс кезеңін бастан кешуде. Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы референдум өткізу жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың ұсынысы қоғамда үлкен қолдауға ие. Бұл референдум еліміздің болашағына дұрыс бағдар берері айқын. Президенттің билікті Парламентпен бөлісуі туралы ұсынысы көпшіліктің көңілінен шықты, өйткені еліміздің азаматтары демократия аясында билікпен бірлесе жұмыс істеуге, еліміздің дамуына өз шешімін қоса алады. Азаматтардың мемлекет билігіне араласуына нақты мүмкіндік беретін осы шешім демократиялық құндылықтарды тереңдете түсуге қолайлы жағдай қалыптастырады. Заңымызға енгізілетін өзгерістерді жалпы халықтың талқысына шығару – қолдауға әбден лайықты іс. Биліктің халықпен ақылдасқаны көкейге қонымды. Бұл қадам әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттырады. Азаматтардың саяси белсенділігіне қозғау салатын бұл қадам адамдардың өз пікірін ортаға салып, таңдау жасауға жол ашады. Референдум Қазақстан қоғамының саяси белсенділігін жан-жақты дамытады деген ойдамын. Лайым солай болғай!
 
Батырхан КАРАШИНОВ,
Арқалық қаласы №80 сайлау учаскесінің төрағасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓