Дамудың жаңа дәуіріне көшу жолы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасап, Жарлыққа қол қойды.
"Мен қыркүйектегі Жолдауымда алда тұрған сайлау науқандары туралы айттым. Соған сәйкес өткен жылдың қараша айында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Жуырда сенат депутаттарының бір бөлігі сайланды. Енді мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізуіміз керек", – деді Президент.
Бұл мәлімдемеде енді Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланаты айтылды. Ал, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді. Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталатыны мәлім болды.
Міне, осындай жаңа өзгерістердің енгізілуі сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалып, азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады деген сөз.
Президентіміз атап өткендей, біз дамудың жаңа дәуіріне қадам бастық. Алдағы болатын сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі ретінде саяси жүйеміздің одан әрі жаңғыруына зор ықпалын тигізеді деп есептеймін.
Олай болса, баршаңызды Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл шешімін қолдап, азаматтық жауапкершілік танытып, Мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырамын!

Серікбай ЖҰМАҒҰЛОВ,
Сарыкөл ауданының құрметті азаматы,
Сарыкөл ауданының құрметті азаматы,
аудандық мәслихаттың бұрынғы депутаты.