Ел тыныштығы – ұлт тұтастығы

Бүгін Алматыда «Тағзым» мемориалының ашылу рәсімі өтті. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы жұмыс сапарымен барып, қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориалының ашылу рәсіміне қатысты.
​Еліміз үшін осы жыл келеңсіз басталғанымен сәтті жылдардың бірі ретінде тарихқа енді. Мемлекетіміздің кешенді дамуына негізделген жұмыстар атқарылды. Оны жоққа шығара алмасымыз анық. Президент өз сөзінде бір жыл бойына жасалған істер турасына тоқталды. Сонымен қатар бұзақыларды, радикалдар мен лаңкестерді батыр етіп көрсетудің қажеті жоқ екенін атап өтті. 
​Былтырғы жылы орын алған «Қаңтар оқиғасы» халқымызды біраз есеңгіретіп тастады. Бұл тәуелсіздік кезеңіндегі ең күрделі оқиғаның бірі болғаны баршаға аян. Ондай жағдай алдағы уақытта қайталанбаса екен деп тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныштық болсын!
Тойғанбол НҰРХАНОВ,
Жанкелдин аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы,
Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓