Комсомол құс фабрикасына қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр
Қостанай облысында и ндустриализация картасы аясында 87 жоба жүзеге асуда. Өңірдегі кәсіпорындар қарқынды жұмыс істеуде. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов мәлімдеді.
Өңір басшысының айтуына қарағанда, Комсомол құс фабрикасындағы жұмыстардағы кемшіліктерді облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған кезде аңғарған. Барлық жағдай жасалды. Бұл жерде өндірістің ұйымдастыру жағы ойластырылмады. Қазір мың тонна өнім өндіретін кәсіпорын тағырықта тұр. Бұған бөлінген қаражат Қазагро арқылы жүрді. Сондықтан бұл құс фабрикасының жұмысына жергілікті билік араласа алмайды. Қазіргі таңда, оның иесін ауыстыру жолдары қарастырылып жатыр. Бұл жыл аяғына дейін шешімін табады. Ал өндіріс қуаттылығын артыру үшін тағы жарты жыл қажет.