Егін орағы тоқтаусыз жүріп жатыр
Қостанай облысындағы егіс алқаптарында комбайндар тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңір басшысы Нұралы Садуақасов мәлім етті.

Әкімнің сөзіне қарағанда, бүгінде егін орағына барлық күштер тартылған. Қазіргі кезде өңірдегі егіс алқаптарына қар қалың түспеген және қардың астында қалып қойған егістіктер жоқ .
«Солтүстікке қарай түскен қалыңдығы 2 сантиметрлік алғашқы қар бүгінде еріп кетті. Бүгінде минус 5-7 градустық температура қалыптасты. Осы орайда бізге тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік туып отыр. Сәйкесінше, түнде екі ауысыммен астық орып жатырмыз»,-деді ол.
Осы орайда ол комбайндар тоқтаусыз жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.