Президент еріктілерге алғыс айтты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер күні қарсаңында "Твиттер" желісіндегі жеке парақшасындағы жазбасында қазақстандық еріктілерге алғыс білдірді.f5816088-9e86-4a10-ae31-ad184bc5c5f2
"Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар,  шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды Волонтерлар жылы деп жарияладым.
Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!" – деп жазды Мемлекет басшысы.afac636f-5fb0-440f-be0b-f79e3d08400c

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓