Облыс орталығында онкологиялық диспансер емханасы салынып жатыр

Қостанай облысында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының шапағаты мол.
Аталмыш бағдарлама шеңберінде тек қана биылғы жылы 5 миллард теңге бөлініп, ол  110 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға және өткен жылдарға қарағанда адамдарды 2 есе артық жұмыспен қамтуға мүмкіндік туғызып отыр . Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов мәлімдеді
 
11Жыл басынан бастап облыста 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру облысымыздың еңбек нарығына оң әсерін тигізді.
Мәселен, тек жылдың басынан бастап қана табысы аз азаматтардың саны 17% қысқарды. Жастарды жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы республикалық 4,6% көрсеткіш болса, өңірде 3,4% құрайды. Сонымен бірге осы бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.
Бұл көрсеткіштерге қол жеткізуге әлеуметтік бағдарламалардың және жастарды қолдаудың «Жастар практикасы», «Жасыл Ел» және «Дипломмен – ауылға» секілді жобалардың тиімділігі жәрдемдеседі.
Азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйіне білім және денсаулық сақтау салаларының жай-күйі де айтарлықтай әсер етеді.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың арқасында қан айналысы жүйесі – 31,2%, онко – 24,8% және туберкулез – 22,6% ауруларынан өлім-жітім төмендеуде. Сондай-ақ нәрестелердің шетінеуі – 10,8% қысқарды.
Ауыл халқын медициналық қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында облыста 8 дәрігерлік амбулатория салынды, жылдың аяғына дейін тағы да 6 құрылысы аяқталатын болады.
Облыс орталығында онкологиялық диспансер емханасы салынып жатыр. Ол келесі жылыашылады.
Мұның сыртында биылғы жылы 2 орта мектептің және балалар бақшасының құрылысын басталды. Ол Қостанай қаласын мен Перцевка ауылында.
Жалпы алғанда облыста мектепалды ұйымдарына деген зәрулік деңгейін төмендету жөнінен жұмыс жүргізілуде. Тек жыл басынан бері ғана желі 5 бірлікке ұлғайды. Сонымен балаларды  мектепалды білім берумен қамту 90,6% құрайды. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі.
Сонымен қатар оған балаларды толық күн болмайтын шағын орталықтармен қамтудың арқасында қол жеткізілді. Бұл орталықтардағы тәрбиеленушілер сонымен бірге балалар бақшасындағы орынды күтуде, бұл кезектің көптігімен түсіндіріледі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓