Маңызды меморандумға қол қойылды

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Eurasian Resources Group (ERG)
компаниясы басшылығымен «Рудный
қаласында 1200 орындық мектеп
салу» жобасын іске асыру жөніндегі
Меморандумға қол қойды. Мұндай қадам білім ошағы
тапшылығын шешуге және
оқушыларды сапалы біліммен
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мектеп барлық стандарттарға сай
салынып, заманауи құрылғылармен
жабдықталатын болады.
Жобаны іске асыру мерзімі — 2023-2024
жылдар."Кездесу барысында ERG басшылығына
жемісті ынтымақтастық үшін алғыс
білдірдім. Биыл облыста үш жаңа мектеп
ашылғанын атап өткім келеді",- деп жазлы өңір басшысы Instagram-парақшасында. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓