Белсенді болайық!

Қазақстан халқы тарихи дамудың шешуші кезеңі алдында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында атап өткендей, суперпрезиденттік басқару нысанын түпкілікті өзгерту іс жүзінде саяси жүйені тұтастай жаңартады.
Ел өміріндегі елеулі тарихи оқиға – негізгі заңға түзетулер енгізетін республикалық референдум. Бұл іс-шара халық билігінің жарқын үлгісі, әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымын білдіре отырып, жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының үлгісі болары белгілі. Конституциялық реформа жекелеген баптарға емес, негізгі заңның үштен біріне түзетулер енгізуді көздейді. Референдумға қатысушылар ұсынылған әрбір түзету бойынша пікірін білдіре алады. Бұл реформа жергілікті өкілді және атқарушы органдарды күшейтуге және елді саяси жаңғыртуға ықпал етпек. 70/30 қатынасында мәжіліс құрудың және 50/50 қатынасында облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау – басқару жүйесіндегі нағыз жаңалық. Сондай-ақ, қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлау мажоритарлық жүйеге көшірілмек. Бұл әдіс азаматтардың мәжіліс пен мәслихаттарды қалыптастыруға тікелей қатысу дәрежесін арттырып, сайлануына мүмкіндік береді. Мажоритарлық жүйе бойынша сайланған депутаттарды мандатынан айыру жүйесі енгізілетін болады. Сонымен қатар, мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру бөлігіндегі өкілеттіктері кеңейтіледі. Мәселен, Президент облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы, елорададағы мәслихат депутаттарының келісімін алу үшін балама негізде әкім қызметіне кемінде екі кандидатура ұсынады. Бұл облыс әкімдерін тағайындау кезінде мәслихаттар депутаттарының рөлі мен өкілеттіктерін күшейтеді, оларға нақты таңдау құқығын бермек. Бүгінде референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб пен өңірлердің қоғамдық штабтары республика көлемінде насихаттау жұмыстарын кеңінен және белсенді жүргізуде. Қостанай облысының депутаттық корпусы да референдумды қолдау жөніндегі кең ауқымды жұмысқа білек сыбана кіріскенін атап өткім келеді. Сонымен, барлық деңгейдегі депутаттардың облыстық штабы құрылды, оның құрамына Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлының төрағалығымен 54 адам кірді. Штаб облыс аумағындағы тұрғындарға конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жақында Ахмет Байт ұ рсы н ұл ы ат ы н да ғ ы Қостанай өңірлік университетінде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашевтің төрағалығымен референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың көшпелі отырысы өтті. Оған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарының өңірлік штабтары басшылары да қатысты. Кездесудің мақсаты – референдумды қолдау, әрбір азамат жаңа тарихты қалыптастыруға патриотизм танытып, ел тарихында жеке үлесін қосу. Бұл тарихи процесс мемлекеттік құрылымның, реформа лардың, даму тетіктерінің бір бөлігі, қозғаушы күші ретінде әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыруға үлкен үлес қосады, жақсы нәтижелерге әкеледі. Сондықтан еліміздің әрбір азаматын референдумға белсенді қатысуға және еліміздің болашағын айқындайтын Ата Заңымыздың сапалы әрі мазмұнды шығуына үлес қосуға шақырамын. Жаңа Қазақстанды құруда белсенді болайық!
 
Қарлығаш ТӨЛЕГЕНОВА,
Қостанай облыстық мәслихатының аппарат басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓