Қазақстан-Ресей көрмесі: Қостанай қолөнері қошеметке ие
Қызылжарда өтіп жатқан Қазақстан және Ресейдің 15-ші өңіраралық ынтымақтастық форумының екінші күні елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин келді. Қос елдің басшылары Теннис орталығында ашылған Қазақстан-Ресей туристік көрмесін аралап көрді. Көрмеге іргелес жатқан екі елдегі туризмді дамытудың жаңа жобалары, медициналық туризм мен Қазақстан мен Ресейдің таңдаулы туристік нысандары туралы толық ақпарат алуға болатын заманауи бейнеқұрылғылар қойылған.




Жұрт қызығушылығын оятқан тағы бір қолөнер туындысы – қамырдан жасалған ханшайым. Ал Николай Руденьнің ағаш сағаты көрмеде 1 миллион теңгеге бағаланды. Сағаттың әрбір бөлшегін шебер қолдан жонып жасаған. Көрмені ұйымдастырушылар жүрісінен еш жаңылмайтын ерекше сағаттың екі-үш күн ішінде жаңа иесін тауып, сатылып кететініне сенімді.

Нұрқанат Құлабаев