Сая Әуелбекова: Бағындырар белестер әлі алда!
Қостанай облысы Полиция департаментінің Жедел әрекет ету арнайы жасағы (СОБР) инспекторы Сая Әуелбекова кезекті спорт турнирінен бірнеше медальмен оралды.Айта кетейік, ересектер арасындағы панкратион спортынан ҚР чемпионаты осы жылдың 19-23 мамыр аралығында,Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді. Бұл жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ге жуық спортшы қатысты."Бұл спорт түрінен алғаш рет бақ сынадым, әдіс-тәсілдерін сайыс барысында меңгеруге тура келді десе де болады", – дейді полиция қызметкері. Алайда бұл "кедергілер" оның панкратионнан жүлделі орын иеленуіне айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Сая "Элит" бөлімінде 2-орын, ал «Традишн» атты бөлімінде 3-орын иеленді."Қарсыластар мықты әрі жоғары дайындыққа ие. Менің спорттық маңсабыма бұл турнирдің қосқан үлесі зор екенін атап өткен жөн, алдағы уақытта өзімді жан-жақты дамытуға деген серпін берді",- дейді Сая Әуелбекова.
Жарысқа дайындалуға костанайлық бапкер Жарас Саматов зор еңбек сіңірді. Бірнеше ай ішінде арнайы тәсілдерді үйрете білді. Нәтижесінде, Сая жүлделі орындардан көрінді.
ЖҚАЖ қызметкері спортпен 17 жасынан бастап айналысады. Жетістіктері де аз емес: жекпе-жектен халықаралық дәрежедегі, еркін күрестен, самбодан спорт шеберіне үміткер.Сонымен қатар, ол бес баланың анасы. Бала тәрбиесіне ата-атаналары көмектеседі.
"Анам мен әкем әрқашанда жанымнан табылып, менің барлық бастамаларыма барынша қолдау көрсетіп, әр жетістігіме қуанып отырады", – деп атап өтті Сая.
ЖҚАЖ инспекторы спортпен шұғылдануға, дайндалуға мүмкіндік ұсынғаны үшін Қостанай облысының Полиция департаменті басшылығына да ризашылығын білдіреді.