Кособуцкидің кезекті жеңісі

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы, жерлесіміз Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) Гамбургте (Германия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол өте тәжірибелі германиялық боксшы Жоан Дюопамен (39-6, 26 КО) қолғап түсйістірді.
Аса ауыр салмақта өткен жекпе-жек 10 раундқа есептеліп, бос тұрған WBC International чемпиондық атағы сарапқа салынған еді. Жекпе-жек нәтижесінде қарсыласы 6-шы раундта рингке шығудан бас тартқан соң Жан Кособуцкий жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, Жан өзінің кәсіби мансабында 18-ші рет жеңіске жетті және WBC белбеуін жеңіп алды. Ал неміс боксшысы кәсіби бокста 7-ші рет жеңіліс тапты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓