Алға, “Тобыл! Алға, Минасян!

Ел чемпионатының тоғызыншы турында Қостанайдың “Тобылы” Павлодарда, жергілікті “Ертісті” 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Қос қарсылас арасындағы кездесудің тізгінін жерлестеріміз ә дегеннен өз қолдарына алған. Ойынның 9-шы минутында команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің қашандағы тегеу-рінді тәсіліне салып, ала допты шірене тепті. Гол!

Бұдан кейін де қостанайлық команда бірнеше тың шабуылдар ұйымдастыра білді. Осындай ұрымтал сәттердің бірінде Иржи Иеслинек “Ертіс” қақпасын тура нысанаға алды. Бұл матчтың 29-шы минуты болатын. Екінші таймда тағы сол Иржи Иеслинек алаң иелерін қапы қалдырды. Оң қанаттан Рауль Джалиловтың берген пасын ол тамаша голға айналдыра білді. Таблодағы есеп 0:3!

Осылайша, 9 тур шын мәнінде “Тобылға” тамаша сый тарту етті. Сырт алаңдағы ірі жеңістен кейін қажетті үш ұпайды қоржынға сал-ған жерлестеріміз  жетінші орын-ға көтерілді. Бүгін “Тобыл”  “Ақтөбені” қабылдайды. Жаңа бас бапкер тағайындалғалы қостанайлық команда екінші рет жеңіске жетіп отыр.Турнир кестесіндегі жағдай да біршама жақсарды. Бірақ, мұнымен тоқтауға болмайды. Алға, “Тобыл”! Алға Мина-сян!

Тоғызыншы турда тіркелген қалған кездесулердің нәтижелері мынадай:  “Ақтөбе” –”Қайрат” 1:0,  “Шахтер” – “Астана”  0:0,”Тараз” – “Жетісу” 1:0, “Спартак”–”Қайсар”  1:1, “Атырау”–”Ордабасы” 1:1.

 

Сегізінші турдан кейінгі турнир кестесі

О

Командалар

О

Ұ

Т

Ж

Д

Ұп

1

“Ақтөбе”

9

6

2

1

13-3

20

2

“Астана”

9

5

3

1

9-5

18

3

“Шахтер”

9

5

2

2

14-6

17

4

“Ордабасы”

9

4

1

4

9-9

13

5

“Атырау”

9

3

4

2

8-8

13

6

“Жетісу

9

3

3

3

6-5

12

7

“Тобыл”

9

3

3

3

9-10

12

8

“Қайсар”

9

3

3

3

8-9

12

9

“Қайрат”

9

3

2

4

6-7

11

10

“Ертіс”

9

2

2

5

9-14

8

11

“Тараз”

9

2

2

5

7-13

8

12

“Спартак”

9

0

3

6

5-13

3

 

“Тобыл” сұрмергендері:

                                                                              Анатолий Богданов                 3

                                                                              Огнен Красич                            2

                                                                              Иржи Иеслинек                        2

                                                                              Нұрбол Жұмасқалиев              1

                                                                              Томас Шимкович                      1

 

Газеттің келесі саны 13 мамыр, сейсенбі күні шығады.

Техникалық себептерге байланысты келесі аптаның телебағдарламасы 13 мамыр, сейсенбі күні жарияланады.

Әлібек

       ЫБЫРАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓