Қоқыста да қордаланған мәселе бар

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов жұмыс сапарымен Қостанай өңіріне келді.
Жұмыс сапарының алғашқы күні Зұлфұхар Жолдасов Жастар сарайында коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Мұнан кейін өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен брифинг өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
-Жалпы Қостанай облысындағы жағдай басқа өңірлерге қарағанда қалыпты. Мұнда айтарлықтай проблемалар жоқ, бірақ түйіні шешілмеген бірақатар сұрақтар бар. Біріншісі – қоқыс қалдықтары, – деді Зұлфұқар Сансызбайұлы, – елімізде шамамен 4 мың полигон бар, бірақ оның 20%-дан астамы заңдастырылған және сәйкестендірілген. Дегенмен стихиялық полигондарда проблема бар. Қостанай өңірінде олардың 600-ден астамы бар, бірақ шамамен 90% жойылды. Бұл жүйелі емес екені түсінікті, өйткені қыста да қайтадан қоқыс қалдықтары шығарылады, – деді Вице-министр.
Мәселені жүйелі түрде шешу үшін З.Жолдасов енді заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін қоқыс шығарумен тек тізілімдегі компаниялар ғана айналыса алатынын түсіндірді. Қалдықтарды орман отырғызу мен далаға тастайтын жеке кәсіпкерлер емес, GPS жүйесімен жабдықталған арнайы техникасы бар кәсіпкерлер атқаратын болады. Оның пайдасы бола ма, жоқ па, уақыт көрсетеді.
Жалпы Қостанай қаласында «Тазалық-2012» ЖШС-де сұрыптау желісі ұзақ уақыт бойы тоқтап тұр, өйткені бұл жұмысқа қызметкерлерді табу мүмкін емес. Сонымен қатар, мұндай кәсіпорындар одан әрі өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін компанияларды табуы керек.
-Қостанай өңірі қалдықтарды қайта өңдеу бойынша  алдыңғы орында. Егер 2020 жылы өңделген тұрмыстық қалдықтардың үлесі 12% құраса, 2021 жылы 17%-ға дейін жетті. Өңір бойынша 26 қайта өңдеу кәсіпорны бар. Бұл компаниялар мемлекеттік қолдаудың арқасында пайда болды. «Жасыл Қазақстан» бағдарламасы аясында сұрыптаушылар мен қайта өңдеушілерді қолдау бойынша жобалар бар. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бұл тартымды бизнес, – деп атап өтті З.Жолдасов.
Тағы бір өзекті мәселе – ет қалдықтарын кәдеге жарату. Мал сою цехтарының қалдықтарды полигондарға қалай өткізетіні туралы шағым түскен. Олардың атқарған қызметі заңға қайшы, олардың барлығы, құқығы жоқ болса да, шикізат қалдықтарын қабылдайды. Бұл мәселеге байланысты қазіргі күні ҚР Бас прокуратурасы тексеруді бастады.
 -ҚР Бас прокуратураның тапсырмасына орай облыстық экология департаменті бес қостанайлық компанияға қатысты санитарлық жағдайға сәйкестігіне тексеру жүргізеді. Оның ішінде «Горизонт-2020» ЖШС заңсыз қалдықтарды қабылдайтыны үшін сотта жауапқа тартылды. Жалпы мал сою цехтары ет қалдықтарын пештерде күйдіруі керек немесе өңдеуге берілуі керек, нәтижесінде жем өндіруге шикізат алуға немесе Беккери шұңқырына көму керек, – деп жауап берді ол.
Құрылыс қалдықтарын шығаруда да бірқатар проблемалар бар. Оларды полигондарға тапсыру мүмкін емес, бірақ өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Құрылыс компанияларының басты мәселесі осы. 6 айға дейін құрылыс қалдықтарын полигонда сақтауға болады және олар үшін эмиссия төлемейді. Полигондар құрылыс материалдарының осы қалдықтарын өз қажеттіліктері үшін пайдалана алады.
– Жалпы, полигонның өз карьері болуы керек, сол жерден құм мен саздауытты төгу үшін алып жүру керек. Бірақ бұл ұтымсыз, өйткені құрылыс қалдықтарын да кәдеге жаратуға болады, – деп атап өтті Зұлфұқар Жолдасов.
 Айта кету керек, біздің облыста қайта қалдықтарды өңдеу кәсіпорындары Рудный мен Қостанайда ғана бар.
Сонымен қатар, Комитет төрағасы Рудный қаласындағы «СоколовСарыбай кенбайыту өндірістік бірлестігі» АҚ фабрикалық кешенінде болды. Онда аталмыш өндіріс бірлесітігінің әлеуметтік сала жөніндегі вице-президенті Е.Әлкенов «ССКБӨ» АҚ экологиялық стратегиясы жөнінде баяндама жасады.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓